## Жаһандық даму үрдістері: Кавказ және Орталық Азия аймағына арналған тұжырымдар

## Source details

**Canonical URL:** [Жаһандық даму үрдістері: Кавказ және Орталық Азия аймағына арналған тұжырымдар](https://www.imf.org/-/media/files/publications/reo/mcd-cca/2018/may/kazakh/cca0518k-global.pdf)

## Other formats

- [Markdown version](/-/media/files/publications/reo/mcd-cca/2018/may/kazakh/cca0518k-global.pdf.md)
- [Structured JSON version](/-/media/files/publications/reo/mcd-cca/2018/may/kazakh/cca0518k-global.pdf.json)

---

### Жаһандық өсім және болжамдар
- Жаһандық өсім 2017 жылдың екінші жартысында артуын жалғастырды және қазіргі уақытта толық жыл бойынша 3,8 пайыз деп бағаланады.
- Бұл 2011 жылдан бергі ең жоғарғы деңгей және 2017 жылғы қазан айындағы “Дүниежүзілік экономикалық болжам” баяндамасында болжағаннан 0,2 пайыздық нүктеге артық.
- Өсім 2018 және 2019 жылдары 3,9 пайызға дейін артуы болжанып отыр, бұл қазан айында болжанған 0,2 пайыздық нүктеге жоғары.

### КОА аймағына ықпалы
- Кавказ және Орталық Азия (КОА) елдері үшін сауда және ақша аударудың маңызды көзі болып есептелетін Ресей 2017 жылы оң өсімге оралды және биылғы жылы оның экономикасы 2019 жылы 1,5 пайызға бірқалыпты болғанға дейін қазан айында болжанғаннан сәл жоғарылауы болжанып отыр.
- Аймақ сондай-ақ өзінің негізгі серіктесі Қытайға арналған болжамның шектеулі күшеюінен пайда көруі тиіс.
- Дегенмен, жаһандық болжам жоғары пайыздық мөлшерлемелерді тудырады, өйткені валюта-кредиттік саясат дамыған елдерде тұрақтандыруын жалғастыруда. Бұл КОА аймағындағы кредиттік жағдайларды қатайтуы мүмкін.

### Мұнай бағалары және ұсыныс белгісіздігі
- Мұнай бағаларының болжамы ұсыныс аспектісінің белгісіздігін кеңінен көрсетіп айтарлықтай белгісіз болып тұр.
- 2017 жылдың екінші жартысында мұнай бағалары қатты өсті, яғни қаңтар айында барреліне 65 доллардан жоғары болды, бұл әлемдік өсімнің жақсаруымен, 2018 жылдың соңына қарай мұнай өндіруді шектейтін ОПЕК+ келісімшартының ұзартылуымен, жоспарланбаған үзілістерден және геосаяси шиеленістерден қолдау тапты.
- Жақында, АҚШ-тың тақта тасты өндірісінің тез өсуімен, мұнай бағасы төмендеді.
- Осыған байланысты, 2018 және 2019 жылдардағы мұнай бағасының болжалдары 2017 жылғы қазан айындағы Аймақтық Экономикалық Болжаммен салыстырғанда жоғарыға қарай қайта қаралды.
- Таяу Шығыс және Орталық Азия бойынша мұнай бағасының орта мерзімді болжамы бағыныңқы болып қалуда.

### Тәуекелдер және ықтимал салдарлар
- Жаһандық болжамға қатысты тәуекелдер қысқа мерзімде кеңінен қалыптандырылады, бірақ орта мерзімді перспективада төменге қарай сырғиды.
- Арнайы тәуекелдер:
  - жаһандық қаржылық жағдайдың тез қатаңдауы;
  - импорттық тарифтерді көтеру немесе ішкі факторлар есебінен дамуға бағытталған саясатқа ауысу халықаралық саудаға зиян келтіруі мүмкін.
- Мұндай тәуекелдер жаһандық өсімді азайтуға және тауар бағасын төмендетуге әкелуі мүмкін.

### Негізгі статистика — Real GDP Growth, 2016–19 (келесі форматта сақталған деректер)
- World: 2016 3.2; 2017 3.8; 2018 3.9; 2019 3.9
- CCA: 2016 2.5; 2017 4.1; 2018 3.7; 2019 3.9
- CCA Oil and Gas Exporters: 2016 2.4; 2017 3.9; 2018 3.7; 2019 3.8
  - Of Which: Non-Oil GDP Growth: 2016 1.2; 2017 3.6; 2018 3.8; 2019 3.6
- CCA Oil and Gas Importers: 2016 3.4; 2017 5.9; 2018 3.9; 2019 4.3

_Источник: Таяу Шығыс және Орталық Азия Департаменті, АЭБ жаңарту, мамыр 2018 (PDF: cca0518k-global)._

---


_Source: https://www.imf.org/-/media/files/publications/reo/mcd-cca/2018/may/kazakh/cca0518k-global.pdf_
